Астанада 24 желтоқсан күні Триатлон саябағында жыл сайынғы QYSQY JUGIRU жарысы өтеді.
Жарысқа жоғарыда көрсетілген қашықтықты еңсере алатын ниет білдірушілер (ерлер мен әйелдер) шақырылады: 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары.
Ұйымдастырушылардың айтуынша жарыстың мақсаты – елордада бұқаралық спортты кеңінен дамыту, қала тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлт денсаулығын жақсарту.
Мәреге жеткен әрбір қатысушыға финишорлық медаль табысталып, әр жас санаттағы жеңімпаздар сертификаттармен марапатталады.
- Старттық пакеттер Б.Момышұлы даңғылы, 2б, №1 кеңседе беріледі.
- Қатысушыларды тіркеу www.astanatriathlon.kz сайтында жүргізіледі.
- Айта кетерлігі, тіркеу қатысушылардың саны лимитке жеткен жағдайда алдын ала жабылуы мүмкін.
- Жарыс туралы барлық ақпарат Астана қаласының Триатлон федерациясының әлеуметтік парақшасында жарияланады:
- @astana_triathlon.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу