Елордада Red Bus автобустарымен экскурсия қайта жанданды

664

Қауіпсіздік мақсатында әр айналым сайын автобус кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді.

Елордада Red Bus автобустарымен экскурсия қайта жанданды

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір айналымнан соң автобус іші кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Red Bus экскурсиялық автобустары өз жұмысын бастағанын қуана хабарлаймыз! Біз аудиогидімізді жаңартып, қосымша жаңа бағыт – Есіл өзенінің жағалауын қостық", – деп жазылған Red Bus хабарламасында.

Қауіпсіздік мақсатында әр айналым сайын автобус кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді. Салонда қолды тазарту үшін антисептик орнатылған және әр адамға бір реттік құлаққаптар беріледі. Барлық жолаушылар экскурсия барысында автобус ішінде маска тағып отыруы керек.

"Елорда бойынша қауіпсіз экскурсияға шақырамыз! Сіз қаланың тарихымен танысып, Нұр-Сұлтанның ең көрікті орындарын тамашалайсыз", – дейді компания өкілдері.

Red Bus күн сайын, демалыссыз жұмыс істейді. Жөнелту орны – "Есіл өзенінің жағалауы" аялдамасы, уақыты – 10:00, 12:50, 15:20 және 18:10.

Аялдамалар:

  • Есіл өзенінің жағалауы
  • "Хан-Шатыр" СОО
  • "Мәңгілік ел" салтанат қақпасы
  • "Нұр-Әлем" музейі
  • Ұлттық музей
  •  "Бәйтерек" монументі
  • "Ailand" океанариумы
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу