Елордада әуе рейстері кейінге шегерілді

852

Ішкі бағыттардан бөлек, Мәскеу, Омбы, Тәшкен, Киев, Ұланбатор қалаларына қатынайтын рейстер де тоқтатылды.

Елордада әуе рейстері кейінге шегерілді

Елорда әуежайында 32 рейс шегерілді. Ақтүтек боран салдарынан 17 әуе кемесінің ұшып келуі кешігіп жатса, 15 рейс ұша алмай тұр. Ішкі бағыттардан бөлек, Мәскеу, Омбы, Тәшкен, Киев, Ұланбатор қалаларына қатынайтын рейстер де тоқтатылды.

Төтенше жағдай қызметінің мамандары алыс жолға шығудан сақтандырып, оның қауіптілігін ескертуде.

Кешелі бері елорда мен маңайында 35 жол апаты болып, 19 адам құтқарылыпты.

Жалпы қалың қар мен ақ боран еліміздің 9 облысында күре жолдардың жабылуына түрткі болған. Көшелерде көп техника жұмылдырылса да, адамдарға аяқ алып жүруге қиындық тудыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу