Елордада сағат 20:00-ден кейін көлік қозғалысы 100% тексерістен өткізіледі

774

Елордалық полиция департаменті арнайы режимде өз жұмысын жалғастыруда.

Елордада сағат 20:00-ден кейін көлік қозғалысы 100% тексерістен өткізіледі

Нұр-Сұлтанда 20 сәуірден бастап кейбір кәсіпорынға жұмысын жалғастыруға рұқсат берілгендіктен, көшедегі көлік қозғалысы 10%-ға артты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жұмысын жалғастыруға рұқсат алған ұйымдардың жұмыс уақыты 18:00-де аяқталады. Әр ұйым өз қызметкерлерінің жұмысқа келуі мен кері қайтуын ұйымдастыруға міндетті. Жұмыс жағдайында автокөлік салонында тек жүргізуші ғана болуы керек.

Күндіз "Сергек" бейнебақылауының талдау нәтижесі бойынша, трафиктің толық бақылауы қажет болған жағдайда мобильді постар орнатылады. Сағат 20:00-ден кейін мобильді постарда көлік қозғалысы 100% тексерістен өтеді.

Бүгінгі таңда 1 125 көлік айыппұл тұрағына қойылды. Сағат 22:30-ға дейін тек азық-түлік сатып алумен айналысатын көліктер ғана жүре алады. Ал, сағат 23.00-ден кейін дезинфекция жұмыстары үшін көлік қозғалысын 5%-ға дейін төмендету жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу