Елордада салық төлемегендердің тізімі жарияланды

1892

Салығын уақытылы төлемегендер мен қарызын өтемегендердің тізімі интернетте жұрт көретін  борышкерлер тізіміне жарияланады. 

Елордада салық төлемегендердің тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті жер және мүлік салығын, сондай-ақ көлік құралдарын уақытылы төлеу қажеттігін еске салды. Кері жағдайда қарызбен бірге өсімін де төлеуге тура келеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Салығын уақытылы төлемегендер мен қарызын өтемегендердің тізімі интернетте жұрт көретін  борышкерлер тізіміне жарияланады. Салық органдары берешек пайда болғаннан кейін 20 жұмыс күні ішінде жеке тұлғаның атына хабарлама жібереді. Егер хабарламаны алғаннан кейін 30 жұмыс күні өткеннен соң салық берешегі өтелмесе, онда салық органы оны өндіріп алу туралы бұйрық шығарады және 5 жұмыс күнінен кешіктірмей оны жеке тұлғаға жібереді.

Егер салық бұйрығын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде борышкер салық берешегін өтемесе, онда уәкілетті орган мұндай бұйрықты сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындату үшін жібереді. Сот салық бұйрығын алған кезде борышты өндіріп алуды мәжбүрлеп орындату рәсімін бастайды. Оның барысында банк шоттарындағы мүлік пен ақшаға тыйым салыну, елден тыс жерлерге шығуға тыйым салыну қарастырылған. Салық берешегін өтеуден басқа, жеке тұлға қарыз сомасының кемінде 20% мөлшерінде сот орындаушысының қызметін де төлеуі қажет болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу