Елордада саммит кезінде жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар қалай жұмыс істейді?

214

Қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. 

Елордада саммит кезінде жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар қалай жұмыс істейді? Фото: gov.kz

2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері жедел медициналық жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.

Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін, активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу