Елордада "Сарыарқа" газ құбырын дәнекерлеу рәсімі өтті

1133

Газ құбырының жалпы ұзындығы 1061,3 км құрайды.

Елордада "Сарыарқа" газ құбырын дәнекерлеу рәсімі өтті

 Жобаның бірінші кезегі ЖЭО-1,2,3, Көктал-1,2, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол) дейін газ тарату желілеріне газ беруді көздейді. 1 кезең аяқталған соң 13,5 мың үйдің тұрғындары газға қол жеткізе алады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жобаның екінші кезегіне сәйкес Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3 ПК), Пригородный, Garden Village, Family Village (4 ПК) елді-мекендері газбен қамтылады.

Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ДК), Шұбар (3-ші ДК), Өндіріс (4-ші ДК) елдімекендері газдандырылады. Газ тарату желілері көше желісі бойынша жүргізіледі.

Жеке сектордың тұрғындары өздері көше желісінен үйлерге тікелей газ қоса алады.

Қалаға газ өткізу нәтижесінде қаладағы зиянды шығарындылар 6 есеге, қатты заттар 40 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу