Елордада Сенат депутаттарын сайлау аяқталды

845

Шетелдік байқаушылар Сенат сайлауына оң баға берді. 

Елордада Сенат депутаттарын сайлау аяқталды

Елордада Сенат депутаттарын сайлау аяқталды. Бас шахардың атынан саяси додаға түскен үш үміткердің ішінен Ақылбек Күрішбаев озып шықты, деп хабарлайды Atameken Business.

Әр кездері жоғары лауазымды қызметтерді атқарған Күрішбаевтың Жоғарғы палатада көтеретін мәселелері де дайын екен.

Жалпы, 17 өңірден 46 кандидат Сенаттағы 17 орынға таласуда. Елордадағы дауыс беру орны ретінде белгіленген.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен маңызды жиынды қадағалауға 4 мемлекеттен 5 дипломат қатысты. Оның екеуі Әзербайжаннан, қалғаны Қырғызстан, Өзбекстан және Түркиядан келген. Барлығы дерлік бір ауыздан сайлаудың әділ өткенін алға тартып,ешқандай заң бұзушылық тіркелмегенін мәлімдеді. Алайда, биылғы сайлау науқанына әлемдік пандемияның теріс ықпал еткені анық. Оны шетелдік бақылаушылар да мойындап отыр. Қауіпті дерттің кесірінен ынталы халықаралық ұйым өкілдеріне міндетті сапардан бас тартуға тура келген. Сондықтан, ауқымды шараға тек Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің мүшелері қатысып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу