Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде елорда қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, Астананың экономикасы өсіп келеді. Жалпы өңірлік өнім 4,1%-ға өсіп, 4 трлн 753 млрд теңгені құрады. Инвестиция көлемі 4,7%-ға өсіп, шамамен 1,3 трлн теңгені құрады.
"Қазір жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 14,6%-ға өсіп, 230 мыңнан асты. Бөлшек тауар айналымының көлемі 9,4%-ға артып, шамамен 2,2 трлн теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 4,9%-ға өсті. Құрылыс саласы елорда экономикасының негізгі драйвері болып қала береді. 3,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді", – деді қала әкімі.