Басқа өңірлерде тексеріс қалай жүргізіліп жатыр? Осындай қылмыстық топтардың алдын алу үшін қандай жұмыстар қолға алынды? Бұл сұраққа ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Өте орынды сұрақ. Осындай деректер орын алғаны рас. Біз оны жасырмаймыз. Барды бар деп айтамыз. Бұл іс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде біздің бірнеше қызметкер, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жауапқа тартылуда. Ол істің қай деңгейде жүріп жатқаны туралы тиісті органдар жауап бере алады деп ойлаймын", - деді ведомство өкілі.
Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда басқа аймақтарда да тексеру жұмыстары жүргізілуде.