"Астана тұрақ кеңістігі" елордада шетелдік нөмірлері бар көлік иелеріне тұрақ ақысын қалай дұрыс төлеу керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, көлікті тұраққа қойған сәттен бастап алғашқы 30 минут ішінде ақы төленуі тиіс.
"Шетелдік нөмірлері бар көлікті тұраққа қою үшін төлеу мүмкіндігі барлық төлем әдістерінде қарастырылған. Төлем дұрыс алынуы үшін пайдаланушылар көліктің уақыты мен нөмірін тіркеу куәлігіне сәйкес көрсетуі керек", – делінген хабарламада.
Тұрақ үшін ақы төлеу тәсілдері:
- "Парковки Астаны" мобильді қосымшасы;
- Аstanapark.kz сайттағы жеке кабинет;
- Kaspi.kz қосымшасы;
- Halykbank.kz қосымшасы;
- SENIM қосымшасы;
- Терминалдар және Касса24 сайты;
- 10, 20, 50, 100 тиындармен паркомат.
Ақылы тұрақта бір сағаттың құны – 100 теңге. Ақша алдын-ала төлем бойынша тұрақ сессиясы басталғанға дейін төленеді.
Жұмыс күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін. Астананың ақылы көлік тұрағы кеңістігінің жұмысы туралы толығырақ ақпарат алу үшін 8-800-080-28-88 нөміріне хабарласуға болады.