Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды

690

Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша сынды ұлттық құраманың үздіктері де біріншіліктен сырт қалмаған.

Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне жалпы есебі 88 спортшы қатысуда, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан чемпионатына Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан спортшылар жиналды. 

Сондай-ақ, Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша сынды ұлттық құраманың үздіктері де біріншіліктен сырт қалмаған. 

"Бүгін бәріміз Астанадағы ұлттық чемпионатқа жиналып отырмыз. Бұл маусымдағы соңғы ресми жарыс. Осыдан соң аздаған үзіліс алып, жаңа кезеңге дайындықты бастаймыз. "Алау" мұз айдыны біз үшін өте қолайлы. Мұнда жоғары нәтиже тіркеуге мүмкіндік бар", – дейді ұлттық құрама мүшесі Еркебұлан Шамұханов. 

Аяғының жарақатына байланысты әлем чемпионаты мен кубоктік додаларға қатыспаған Абзал Әжіғалиев қатарға оралды. 

"Жаңа маусым мен үшін сәтті басталған еді. Әлем кубогі кезеңдерінде үздіктер қатарынан көріндім. Дегенмен, аяқтағы жарақатым әрі қарай да жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік бермеді. Сол себепті, біраз үзіліс алып, денсаулығымды реткен келтірдім. Қазақстан чемпионатында командалық сында және эстафетада бақ сынаймын. Жекелеген қашықтықтарға әлі де дайын емеспін", – дейді Абзал.

Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты 18-20 наурыз аралығында өтетінін еске саламыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу