Елордада синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталды

444

19 жастағы жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Елордада синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталды Фото: google

Астанада интернет дүкен арқылы синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қабанбай батыр көшесінде интернет дүкен арқылы есірткі өткізген 19 жастағы қала тұрғынын анықтады. 

"Есірткіні өткізуші халық көп жиналатын орындарға, орталық саябаққа жасырып қойып кету арқылы есірткіні белгілі бір жерлерге қалдырып отырған. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіт қылмыс жасағанын мойындап, интернет дүкеннің жұмыс жүйесі туралы және ол жерден алатын заңсыз сыйақы туралы айтып берген. Жеке тінту барысында одан ішінде синтетикалық есірткісі бар 40 түйіншек табылып, тәркіленді. Алынған мефедрон синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 40 грамм немесе 150 рет қолданылатын доза", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу