Елордада сол жағалау мен оң жағалауды жалғайтын тағы бір көпір ашылмақ

1021

Көпірді абаттандыру, оның ішінде тротуар бөлігі бойынша соңғы жұмыстар қатар жүрмек.

Елордада сол жағалау мен оң жағалауды жалғайтын тағы бір көпір ашылмақ

Нұр-Сұлтан әкімінің хабарлауынша, 8 тамызда Ұлы дала даңғылында орналасқан көпірде қозғалыс ашылады. Автомобиль көпірін салу бойынша негізгі жұмыс аяқталған.

"Сондай-ақ А62 көшесінің (А91 көшесінен Нұр-Сұлтан-Қарағанды трассасына дейінгі аралық) құрылысы жүріп жатыр. Бұл көше Қарағанды трассасы мен "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жағалау бөлігі арасында көлік байланысын қамтамасыз етеді. Бұл маңайда қозғалысты алдағы күзде ашуды жоспарлап отырмыз. Аталмыш көше аудандарды жаңа көпірмен жалғауға мүмкіндік береді", – дейді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Жаңа нысанның маңыздылығы аса жоғары болмақ, себебі Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік ел даңғылындағы, А.Байтұрсынұлы, Р.Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova city ауданы мен "Мыңжылдық" аллеясындағы көлік ағынын сейілтуге мүмкіндік береді, бұған қоса жаңа "Нұрлы жол" вокзалы, Тельман және Промышленный елді мекендері, МЕТРО гипермаркеті ауданы, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесі және т.б. арасында байланысты арттырады.

Айта кету керек, Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір көпір Тәуелсіздік даңғылында келесі жылы ашылады. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа теміржол вокзалын, Қошқарбаев даңғылын, Нәжімеденов көшесін, Әзірет Сұлтан мешітін, Байтұрсынұлы, Қордай, Айнакөл көшелерін, Момышұлы даңғылын елорданың сол жағалауымен қосымша байланыс орнатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу