Елордада сот ғимараттары, емхана мен сауда орталығына "бомба қойылған"

685

Мамандар түні бойы бомба іздеген.

Елордада сот ғимараттары, емхана мен сауда орталығына "бомба қойылған"

Елордада барлық сот ғимараттарына "жарылғыш зат қойылғаны" хабарланған. Сондай-ақ емхана, қонақүй және сауда орталықтарына да "қойылған", деп хабарлайды inbusiness.kz.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, 23 тамыз күні түнде әуежайдың авиациялық қауіпсіздік инспекторы электрондық поштаға барлық сот ғимаратына жарылғыш зат жасырылғаны туралы хабарлама келгенін хабарлаған.

Соңыра "Парк INN" қонақүйі, емхана және Mega Silk Way орталығына да қатысты дәл осындай хабарлама түскен.

Аталған ғимараттар тексеріліп, ақпараттың жалған болғаны анықталды. Полиция кінәліні іздестіріп жатыр, қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу