Елордада спорт саласының үздіктері марапатталды

846

Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының 2020 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылары мен спорт қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Елордада спорт саласының үздіктері марапатталды

Шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев, бокстан Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев қатысты.

Биылғы жыл қорытындысы бойынша Олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлерінен спортшылар мен жаттықтырушылар сонымен қатар спорт ардагерлері қала әкімі Алтай Көлгіновтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Жыл қорытындысы келесідей болды:

"Үздік мекеме" - "№1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі";

КММ "Үздік спортшы" - олимпиадалық спорт түрлері бойынша Науатбек Ақмарал Маратқызы (дзюдо),  Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша - Сәлмен Азат Талғатұлы ,  Ұлттық спорт түрінен  Сейтен Айбат Төленбекұлы (қазақ күресі),  Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт түрінен - Жамауов Азамат Меңдіханұлы

 "Үздік аға жаттықтырушы" олимпиадалық спорт түрлері бойынша- Баймаханбетов Мейірлан Қайратұлы (дзюдо);

Олимпиадалық емес спорт түрінен Руденко Евгений Владимирович (пауэрлифтинг), Ұлттық спорт түрінен-Рахметов Ескендір Серікұлы(асық ату), Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт түрінен-Тренкеншу Виктор Эдуардович;

"Үздік жаттықтырушы" олимпиадалық спорт түрлері бойынша-Еркебаев Асқар Берікбайұлы (бокс);

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша Кабдуов Диас Ғаниұлы (панкратион);

Ұлттық спорт түрінен - Ерназар Аян Қожахметұлы;

Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт түрінен-Оразов Даурен Оразұлы (дзюдо);

"Үздік басшы" - Китаров Талғат Болатұлы;

"Үздік басшы" - орынбасары Новикова Ирина Геннадьевна;

"Үздік методист" - Есова Марьям Қазбекқызы;

"Үздік есепші" - Абдрахманова Лаура Адиетқызы;

"Үздік кадр басшысы" - Есімсейітова Мархабат Айдарқызы;

"Үздік заңгер" - Какимова Айгүл Әсенқызы;

"Үздік баспасөз хатшысы" - Ким Карина Эдуардовна;

"Жыл қызметкері" - Өсербай Ержігіт Қалдыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу