Елордада спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды

534

Ол ақша жымқырды деген күдікке ілінді.  

Елордада спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды Фото: inbusiness.kz

Астана қаласы әкімдігінің "Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тергеу жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ақша жымқыру 2020-2023 жылдар аралығында шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы жасалған.

"Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты спортты дамыту дирекциясының басшылығы алып отырған. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, КММ басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды. ҚММ бастығына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу