Елордада студенттер автобуспен тегін жүрмек

707

Астанада автобустарда тегін жол жүруге құқығы бар тұрғындардың тізімі өзгерді. Мәслихаттың бұл шешімі тек жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын білім мекемелерінің күндізгі бөлімінде оқитын студенттеріне қатысты.  

Елордада студенттер автобуспен тегін жүрмек Фото: Тұрар Қазанғапов

Бұған дейін қоғамдық көлікпен тек кәмелеттік жасқа толмаған балалар ғана тегін жүрген болатын. Енді әлеуметтік осал топтағы 18 жасқа толған балалар да қоғамдық көлікпен тегін жүруі мүмкін. Олардың да көлік картасы мемлекет есебінен толтырылады. Жеңілдікті ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар балалар мен табысы бір адамға шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасының балалары ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу