Елордада студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

1614

Салтанатты жиынды қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ашып, 30-дан астам үздік білім иелеріне студенттік билетті табыстады.  

Елордада студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

Елордада 3 мыңға жуық жасты студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Atameken Business.

Айта кету керек, бас шаһарда 245 мыңнан астам жас бар. Оның ішінде студенттер 82 мың болса, 56 мыңнан астамы 16 жоғары оқу орнында, 25 мыңы колледждерде білім алуда. Бүгінгі салттанатты жиын алғаш студент атанып, өмірдің жаңа белесіне қадам басқан 15 мың студенттің құрметіне арналып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу