Елордада студенттік жәрмеңке өтті

657

Елорданың Арбат аумағында қала колледждері ұйымдастырған ауқымды студенттік жәрмеңке өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада студенттік жәрмеңке өтті

Көрмеде елордалық колледждердің студенттері мен оқытушылары бейнелеу, қолданбалы, аспаздық, техникалық сипаттағы шығармашылық идеялар мен жұмыстарды ұсынды. Мұнда мектеп бітірген түлектер сарапшылармен кеңесіп, болашақ мамандығы мен оқу орнын анықтауына мүмкіндік алды.

"Қазіргі уақытта елордада 8 мемлекеттік колледж бар, онда 28 мың студент оқиды. Жыл сайын кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін қалада Студенттік жәрмеңке өткізіледі. Біз 9 және 11-сынып түлектерін оқу орнын таңдау арқылы түпкілікті шешім қабылдауға шақырдық", – деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова.

Бейресми және қызықты түрде өткен көрменің арқасында түлектер көптеген мамандықтар жайлы ой түйді, шеберлік сыныптары аясында кәсіби сынақтардан өтті.

"Бүгін біз үш мамандықты ұсындық: наубайшы-шебер, дизайнер-модельер және шаштараз-стилист. Сондай-ақ, студенттеріміздің қолдан жасалған бұйымдары көрсетілді. Ал колледжіміздің ашылғанына 70 жыл болды. Әлемдік стандарттарға сай білім беріледі. Мемлекеттік мекеме болғандықтан, бізде оқу тегін. Сондай-ақ 35 000 теңгеге дейін шәкіртақы беріледі", – деді Техникалық колледждің оқытушысы Алтынбек Есенов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу