Елордада су басу қаупі толық сейілді

933

Есіл сағасын 100 метрге дейін кеңейту жұмысы жүргізіліп жатыр. 

Елордада су басу қаупі толық сейілді

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов  Нұр-Сұлтан қаласындағы су тасқыны жағдайын мәлім етті.

"Астана" су қоймасының сыйымдылығы 410 млн тоннаны құрайды. Ал су реттегіш қорғаныс дамбасының су қабылдау қауқары 450 млн тонна. Бүгінгі күні ол жерде небәрі 0,6% ғана су қоры бар. Әуежайдың жанындағы Майбалық көліндегі су қорын 18 млн тоннаға азайтып отырмыз. Егер еріген қардың суы келетін болса, Майбалық көлі суды толыққанды қабылдай алады. Майбалық көлінен Нұра-Есіл каналына дейін түсетін су ағызу каналы бар. Қазір ол каналдың да су өткізу мүмкіндігі 100% дайын", – деді департамент бастығы.

Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, қаладағы су басу қаупі болған 37 аумақта бүгінгі күні еш қауіп жоқ.

"Қала көлемінде 37 су басу қаупі бар аумақ болған. Бүгінгі таңда осы аумақтың барлығында су басу қаупі толықтай сейілді деп айта аламын. Қаланың қыста қардан тазалануы арқасында, қазіргі кезде ешқандай қауіп-қатер жоқ. Дегенмен Есіл өзенінің сағасын 100 метрге дейін кеңейту жұмысы жүргізіліп жатыр. Биыл су реттеуішті жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ол жұмыс біткен жағдайда су реттеуіштің тасқын су қабылдауы мен ұзақ мерзімге сақтау қабілеті жоғарылайды", – деді ол.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу