Көшелерді су басудан сақтау үшін әкімдік нөсерлі канализацияны салу және коллекторларды тазарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуд, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жауын-шашын кезінде құрылыстары қайта жасалып және жаңадан салынып жатқан учаскелерде суды соруға арнайы техника жұмылдырылған.
Қала бойынша барлығы 140-тан астам техника жұмылдырылды. 20 текше метрден астам су сорылды.
Тазалау құрылысы жер астында орналасқандықтан, құрылыс алаңының үстінде абаттандыру, ШАФ-тар орнату және көгалдандырумен саябақ салу көзделген. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр. Б.Момышұлы учаскесінде су басу мәселесі ағымдағы жылдың күзінде шешілетін болады. Бұл даңғылда нөсер кәрізінің магистралды коллекторының құрылысы жүргізілуде. Бұл нөсерлік кәріздердің ұзындығы 500 метрді құрайды. Дауылпаз көшесінен басталып, Елім-ай көшесіне дейін (Б.Момышұлы даңғылы өтеді) жалғасады. Бұдан басқа, қалада коллекторлардың жалпы ұзындығы 354 км құрайды, олардың үштен бірінен астамы (134 км) тазалауды қажет етеді. Бітеліп қалған жүйелер жауын-шашын кезінде нөсерлі кәріздердің жұмысына әсер етеді. Мысалы, Ташенов көшесі мен Абылайхан/Таха Хусейн даңғылындағы коллектор толығымен бітелген. Одан 2,5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сонымен қатар өткізу қуатын арттыру үшін қосымша сақина орнатылған.