Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Бұл туралы Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
"Қаладағы су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны өткен жылдармен салыстырғанда 21-ге дейін азайды. Азаматтық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді. Су тасқыны салдарының алдын алу және жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды", – деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта Астанада қар мен мұзды жинау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Қысқы кезеңнің басынан бастап коммуналдық қызметтер елордадан 3,2 млн текше метрден астам қар алып шықты, 20 мыңнан астам аумақта арық желілері тазартылды.
Жеке сектор тұрғындарымен үй маңындағы аумақты қардан уақтылы тазарту туралы ақпараттандырумен профилактикалық әңгімелер белсенді түрде жүргізілуде.