Елордада "Сүндет-2021" акциясы өтіп жатыр

865

Елордалық емханаларда "Сүндет-2021" акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың мүгедек балаларына сүндетке отырғызу рәсімі тегін жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада "Сүндет-2021" акциясы өтіп жатыр

Сондай-ақ созылмалы ауруға шалдыққан және толық емес отбасылардың ұл балалары ерекше назарға алынды.

Сүндеттеуді уролог және өз ісінің шебері, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов және №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жоғары білікті мамандары жасады. Тимур Мұратов балалардың жағдайын біліп, біраз сұхбаттасты. 

"Бұл біздің екінші ұлымыз, 3 жаста. 10 күн бұрын баламызға дәстүр туралы көп айтып, моральды тұрғыдан дайындағанбыз, нағыз жігіт болады деп сендірдік. Ұйымдастырушылар мен емхана басшылығына алғыс білдіреміз. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара, барлығы қарастырылған", - деді сүндетке отыратын баланың анасы Ляззат Айтуғанова

Жыл сайынғы акцияның мақсаты — көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан мүгедек және созылмалы аурулары бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету . 

Акция аясында бұл медициналық қызмет жыл сайын ақысыз түрде жүзеге асырылады. 

Сүндеттеуді уролог және өз ісінің шебері, Нұр-Сұлтан қалалысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов және №9 емхана мен №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жоғары білікті мамандары жасады. Тимур Мұратов балалардың жағдайын біліп, біраз сұхбаттасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу