Елордада "суперХҚКО" ашылады - Мусин

Елімізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі айтарлықтай кеңейеді.  

Елордада "суперХҚКО" ашылады - Мусин Фото: azh.kz

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Клиенттердің ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді алу тәжірибесіне сүйене отырып, біз ХҚКО-да қызмет алған азаматтар басқа органдардың – БЖЗҚ, коммуналдық қызметтер, әкімдіктер және басқалардың табалдырығын аттайтынын түсіндік. Сондықтан біз барлығын шоғырландырғымыз келеді. Осы арқылы азаматтардың барлық мәселелері бірден шешілуі үшін бұл ұйымдар бір ғимаратта орналасады", – деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, елордада "суперХҚКО" пилоттық режимде жұмыс істей бастайды.

"Бүгін біз Астана әкімдігімен біртұтас кеңістік, яғни азаматтарға жайлы әрі сапалы қызмет көрсетуге арналған "суперХҚКО" құру туралы келісімге келдік", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу