Елордада сыра кафесіне келушілерге гашиш сатқан

522

Нұр-Сұлтанда кафелердің бірінде бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 44 жастағы әкімші ұсталды. 

Елордада сыра кафесіне келушілерге гашиш сатқан

Ол сыраны сатумен айналысқан болып, өз мекемесінде есірткілік шөпті сатқан, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме беріп.

Кафені тінту кезінде қораптан гашиш салынған пакет анықталды. Пакетте сатуға дайындалған гашиш салынған 30 полиэтиленді орама табылды.

ЕҚҚІБ бастығының міндетін атқарушы Еркеш Қалықовтың айтуынша, арнайы операция жүргізу кезінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келі 600 грамнан астам гашишті құрады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар тұлғалар анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу