Елордада тағы 7 көшеде автобус жолағы пайда болады

234

Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. 

Елордада тағы 7 көшеде автобус жолағы пайда болады Фото: inbusiness.kz

City Transportation Systems компаниясы Астанада жеті көшеде автобус жолағы енгізілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астананың 7 көшесінде жалпы ұзындығы 58,6 км Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақтарды енгізу жоспарланып отыр. 

"Алдағы уақытта арнайы жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Ұлы Дала, Қошқарбаев, Тәуелсіздік даңғылдары мен Керей Жәнібек хандар, Айтматов көшелеріне салынады.

Бөлінген жолақтарды енгізу мерзімі мамыр айының соңынан бастап хабарланады.

Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады", - делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ, автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді.

Bus Lane жобасы алғаш рет Астана қаласында 2015 жылы 26 шілдеде екі учаскеде пилоттық режимде енгізілді: Момышұлы, Абылай хан, Сарайшық көшесіне дейін және Бөгенбай батыр даңғылында Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі аралықта.

Қазір қалада автобустар жолағының жалпы ұзындығы — 100,5 шақырым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу