Елордада тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты

1000

Қазіргі уақытта КВИ бар 5 науқастың жағдайы – тұрақты ауыр.  

Елордада тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адам емделіп шықты, деп хабарлайды қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма таратқан мәліметтерге қарағанда, 4 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 202 жағдайы тіркелді. оның ішінде:

–  186 адам стационарда (Ақмола облысы - 3);

–  17 адам сауығып, ауруханадан шығарылды;

–  бір өлім жағдайы тiркелді.

Қазіргі уақытта КВИ бар 5 науқастың жағдайы – тұрақты ауыр, 3 науқас – өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, яғни КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес емдеуде.

Қалған емделушілердiң жағдайы – қанағаттанарлық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу