Елордада тағы бір компания маска шығаруды қолға алды

944

23 наурыздан 17 сәуірге дейін қалаға 3 миллион 300 мыңнан астам маска жеткізілген.

Елордада тағы бір компания маска шығаруды қолға алды

Елордада тағы бір компания маска шығаруды қолға алды. Маскалар дәріханалар желісіне түседі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Мен өз әріптестеріммен сөйлестім. Мұндай сәтте қалай қол қусырып қарап отырамыз? Мемлекетке қандай да бір пайда әкелейік дедім. Осылайша, мамандар, технологтар, медицина қызметкерлері, инженерлер тобы жедел жиналды. Өндірістік желі құрылып, шикізат сатып алынды. Қазір бізде 300 мың маска дайын болды", – дейді "Skinwood" ЖШС директоры Әділхан Ахметов.

23 наурыздан 17 сәуірге дейін қалаға 3 миллион 300 мыңнан астам маска келді. Қалалық емханаларға, қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға, жүкті әйелдерге және 65 жастан асқан қарттарға 300 мың маска берілді. Елбасының тапсырмасымен "Біргеміз!" акциясы аясында 2 млн маска бөлініп, ол 40 мың аз қамтылған отбасыларына таратылады. Сондай-ақ, "Біргеміз!" республикалық еріктілер фронт-офисі ұйымдастырған акция аясында елордалық жастар саясаты басқармасымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға 100 мың маска таратылды. Ал 40 мың аз қамтылған отбасы медициналық маскалар жиынтығын алады. Тағы 30 мың маска елорда тұрғындарына тегін таратылды.

Қала әкімдігі "СК Фармация" компаниясымен бірлесіп, жүйелі түрде бетперде және басқа да қорғаныс құралдарын жеткізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу