Елордада тағы бір көше уақытша жабылады

539

Елордада Жекебатыр көшесінің бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада тағы бір көше уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жекебатыр көшесіндегі жол төсемін жөндеудің басталғанын мәлім етті.

Осыған байланысты 6-12 тамыз аралығында Жекебатыр көшесінің Космонавтар көшесінен Атасу көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 2-8 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Мәңгілік Ел даңғылының Достық көшесінен "Сарайшық көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысындағы көлік айырымына" дейінгі учаскесі автокөлік үшін толығымен жабылғанын хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу