Елордада тағы бір көшеде BusLane пайда болады

535

2 шілдеден бастап Жеңіс даңғылы бойымен Есенберлин көшесі – Бөгенбай даңғылы аралығында қоғамдық көлікке арналған жолақтары бар 7 жолақты қозғалыс енгізіледі (BusLane), деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елордада тағы бір көшеде BusLane пайда болады

Бүгінгі күні аталған даңғыл бойынша 15 қалалық бағдар жүреді, олардың жалпы саны – 175 автобус. 

"Осылайша, аталған учаскеде қоғамдық көлік, жедел жәрдем, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру техникасының қозғалысы үшін артықшылық жасалатын болады. Сондай-ақ бөлінген жолақ бойынша қоғамдық көлік қозғалысы аялдамалардағы қарбалас сағаттарда жолаушылардың күту уақытын 18%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді", – деп жазылған CTS хабарламасында.

Даңғылда қозғалыс жолақтарының ені ұлғайтылмақ. Сондай-ақ реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерінде көліктің бұрылуы үшін алаңдар жабдықталмақ. 

"Қазіргі таңда Жеңіс даңғылы мен Есенберлин көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында жол белгілерін белгілеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық өзгерістерді ескере отырып, жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жолда қырағы болуды және бағдарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деп ескертеді компаниядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу