Елордада тағы бір көшенің учаскесі уақытша жабылады

435

Жол жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Елордада тағы бір көшенің учаскесі уақытша жабылады Фото: inbusiness.kz

Астанада Сағадат Нұрмағамбетов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сағадат Нұрмағамбетов көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмысына байланысты биылғы 10-15 қыркүйек аралығында Айнакөл көшесінен Рақымжан Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады", - делінген хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу