Елордада тағы екі өрт сөндіру бөлімшесінің салынып жатыр

520

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. 

Елордада тағы екі өрт сөндіру бөлімшесінің салынып жатыр Фото: gov.kz

"Өткен жылы еліміздегі Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында және Түркістан облысында 4 өрт сөндіру бөлімшесі құрылды. Жыл соңына дейін 18 құрылыс жоспарлануда, оның екеуі Астанадағы Көктал және Үркер шағын аудандарында салынатын болады.

Техниканы кезең-кезеңімен жаңарту жүргізілуде. Өткен жылы өңірлерде 240-тан астам арнайы техника сатып алынды, биыл 260-тан астам сатып алу жоспарлануда", - деп Ю.Ильин Астана қаласының тұрғындарымен кездесуде айтты.

Сонымен қатар, Ю. Ильин халықты қорғау үшін кадрлық ресурстар және олардың кәсіби деңгейін үнемі арттыру қажет екенін атап өтті.

Биыл министрліктің штаты құтқарушылардан, өрт сөндірушілерден және дәрігерлерден қосымша ұлғайтылды. Ақтөбе облысында әскери бөлім құрылды.

Халықпен кездесуде іздестіру-құтқару қызметтерінің дайындығын арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тәжірибе алмасу үшін "ҚАЗҚҰТҚАРУ" халықаралық оқу-жаттығу жиындары жоспарланғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу