Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ш.Құдайбердіұлы, Қараменді би Шақаұлы және Ақыртас көшелерінде жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Жөндеу жұмысына байланысты 26-30 шілде аралығында Шу көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскедегі Ш.Құдайбердіұлы көшесі бойында қозғалыс толығымен жабылады.
26-28 шілде аралығында Қараменді би Шақалы көшесінің Бейбарыс Сұлтан көшесінен Ақан сері көшесіне дейінгі аралығы жөндеуге байланысты жабылады.
26-27 шілде аралығында жол төсемін орташа жөндеуге байланысты Дауылпаз көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскедегі Ақыртас көшесі толығымен жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", делінген әкімдік хабарламасында.