Елордада тазарту құрылғысының құрылысы басталды

1171

Жаңа құрылыстың қуаты 40 мың текше метрді құрайды, бұл нөсер кәріз жүйесінің өткізу қабілетін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бермек.

 Елордада тазарту құрылғысының құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан қаласы "Жастар" ықшам ауданында тазарту құрылғысының құрылысы басталды,деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа құрылыстың қуаты 40 мың текше метрді құрайды, бұл нөсер кәріз жүйесінің өткізу қабілетін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бермек: бөгетсіз жинауды, жер үсті ағындарын бұруды және тазартуды қамтамасыз етеді.

Қазір жұмыс істеп тұрған жинағыш тоғанды құрғату жұмыстары аяқталып, жер асты тазарту құрылысы басталды. Бұл тазарту құрылыстары Ташенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев және Республика даңғылдарының су басуын болдырмауға мүмкіндік береді. Тазалау құрылысы жер астында орналасқандықтан, құрылыс алаңының үсті абаттандырылып, тынымбақ орнату қарастырылған. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда елорданың жауын-шашындық кәріздік жүйесі 14 тазарту құрылғыдан, 3 жинақтағыш тоғаннан тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу