Елордада "Тазару" жалпыұлттық акциясы өтеді

353

Акция аясында аулаларды, көшелерді, сондай-ақ арықтарды қар мен қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

Елордада "Тазару" жалпыұлттық акциясы өтеді Фото: Астана қаласының әкімдігі

23 наурыз күні сағат 10.00-де Астанада өңіраралық "Тазалық эстафетасы" аясында Жаңа жыл жаңа мақсатпен, жаңа үмітпен кездесуін айшықтайтын "Тазару" жалпыұлттық экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акция аясында аулаларды, көшелерді, сондай-ақ арықтарды қар мен қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

Акцияға қала тұрғындары, бизнес өкілдері, құрылыс компаниялары, еріктілер, қоғамдық ұйымдар, мәдениет қайраткерлері, спортшылар және т.б. қатысады.

Биыл Қазақстанда Наурвз 10 күн тойлануда. 23 наурызда Наурызнамның онкүндігінде Тазару және жаңару күні аталып өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу