Нұр-Сұлтанда ITF Juniors J3 санатындағы жасөспірімдер арасында "Nur-Sultan Open" халықаралық турнирі басталды. Беделді жарысты Халықаралық теннис федерациясы мен Қазақстан теннис федерациясы бірлесіп өткізуде.
Турнирге 6 елден, атап айтқанда, АҚШ, Германия, Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Украинадан үздік жасөспірім теннсшілер келді. Қазақстан намысын еліміздің ең мықты жасөспірім теннис шеберлері Николенко Татьяна, Карлова Елизавета, Сагандыкова Аружан, Озерной Данил, Хайрутдинов Артур және басқалар қорғайды.
Жеңімпаз ITF жасөспірімдер рейтингінде 100 ұпай иеленеді. Жас теннисшілер әлемдік рейтингтегі орнын жақсартып қана қоймай, шетелдік жетекші ойыншылармен ойнап, халықаралық тәжірибе алады.
Антиковидтық шараларды сақтау мақсатында турнир көрермендерсіз өтеді.