Елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы осы жылдың 24 қазанында сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін "Астана Су Арнасы" МКК станциясының аумағында (Жансүгірұлы көшесі,7) "Нұр-Сұлтан – Антитеррор-2020" терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шараның мақсаты – тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісі терроризммен күрес бойынша практикалық дағдыларды пысықтау, оның зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
Оқу-жаттығу кезінде ұрыстың түрлі қиын элементтері көрсетіледі.
І.Жансүгірұлы көшесінен Ш.Құдайбердіұлы көшесіне дейінгі сорғы-сүзу станциясы ауданында автокөлік қозғалысы бойынша шектеу шаралары қарастырылған.
"Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз",– дейді жедел штабтан.