Елордада тиісті аттестатсыз қызмет көрсеткен лифт ұйымы жауапқа тартылды

315

Іс материалдары сотқа жіберілді.

Елордада тиісті аттестатсыз қызмет көрсеткен лифт ұйымы жауапқа тартылды Фото: @1prime_ru

Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мамандарымен тұрғындардың өтініші бойынша лифттерді пайдалану мәселелері жөнінде көппәтерлі тұрғын үй кешеніне барды. Көшпелі кеңес барысында лифтілерге өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тиісті аттестатсыз лифт ұйымы қызмет көрсететіні анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ҚР заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді монтаждау, техникалық қызмет көрсету, техникалық диагностикалау, техникалық куәландыру және жөндеу бөлігінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аттестаты болуы қажет.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты басқарма тиісті шаралар қабылдау үшін Астана қаласы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментіне хат жолдады.

Басқарманың хатын қарау нәтижелері бойынша департамент қызмет көрсететін лифт ұйымына қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабы, 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалдар сотқа жіберілді.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен қызмет көрсететін лифт ұйымы ҚР ӘҚБтК 463-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік айыппұл өндіріп алумен, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК сәйкес лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғатынын атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу