Елордада тіл фестивалі өтті

1223

Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы тілдерінің ХХІІІ қалалық фестивалі қорытындыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Елордада тіл фестивалі өтті

Биыл 6-28 қыркүйек аралығында тіл фестивалі аясында "Тілім менің – бірлігімнің айнасы" көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, "Астана" радиосында танымдық радиовикторина ұйымдастырылды, әрі баспасөздегі қисынсыз аударма мен калька, ақпаратты мемлекеттік тілде тарату мәселелері мен SMM негіздері, қазақша таргет жасау сынды тақырыптарда тренингтер өтті.

"6 қыркүйектен бері 500-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. Мұндағы негізгі мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оны насихаттау. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осы уақытқа дейін мемлекеттік тілдің әлеуетін нығайтуға бағытталған көптеген іс-шара жүзеге асты. Мысалы, Тәуелсіздік жылдары елордада 1 мыңға жуық көшеге жаңа ат берілді. Бүгінде қаламыз бұл көрсеткіш бойынша үздіктердің қатарында", – деді Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Сондай-ақ ол қаладағы мектептерге Дінмұхамед Қонаев, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанбек Қожанов сынды ірі тұлғалардың есімін беру мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Тіл фестивалі аясында "Тілім менің – бірлігімнің айнасы" байқауының жеңімпаздары анықталды:

Бас жүлде – Ақгүл Айдарбекқызы (Қарағанды облысы);

І орын – Әнел Жақан (Нұр-Сұлтан);

ІІ орын – Ардақ Сатбаев (Нұр-Сұлтан);

ІІІ орын – Амангүл Ермекқызы (Нұр-Сұлтан).

Қазылар алқасының құрамында актер, театр режиссері Болат Ұзақов, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ақын, журналист Тұржан Оңайгүл, Қазақ радиосының дикторы, радиожурналист Мұхамедәлі Болатұлы болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу