Елордада ТҚЖБ-ның 400-ден аса салымшысы пәтер алды

757

Сондай-ақ тұрғын үйге кезекте тұрғандардың бір бөлігі де баспаналы болды.

Елордада ТҚЖБ-ның 400-ден аса салымшысы пәтер алды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 400-ден астам салымшысы мен тұрғын үйге кезекте тұрғандардың бір бөлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер алды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын жаңа қоныстарымен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Қоныстарыңыз құтты болсын, Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы аласыздар! 2020 жылдың бірінші жартыжылдығынынан бастап тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында емхана, балаларға арналған шағын орталықтар, "Кәсіпкер ана" орталығы, полиция пункті оңалту орталықтары жұмыс істейді. Осы жылы қала тұрғындарына 3,5 мың пәтер берілді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес келесі жылдан бастап қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін 3 есеге арттырамыз", – деді Алтай Көлгінов.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова атап өткендей, осы жылы 10,5 мыңнан астам елорда тұрғыны пәтер алды.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 208 мыңнан астам банк салымшысы бар. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының 9,5 мыңнан астам тұрғыны тұрғын үй сатып алуға несие алды, 51 мың тұрғын депозит ашты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу