Елордада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

574

28 қазанда Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп жазады inbusiness.kz. 

Елордада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді Фото: primeminister.kz

Оған Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметі басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысады.

Айта кету керек, осы жылдың 20 мамырында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен достастық елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы бейнеконференция байланысы режимінде өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу