Елордада төтенше жағдай режимі жарияланды

1229

Қала маңындағы 21 елдімекенге жолаушы тасымалдау мүмкін болмай отыр.

Елордада төтенше жағдай режимі жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірі ақ түтек боранның құрсауында қалды. Салдырынан республикалық маңызы бар 9 тасжол жабылды. Соңғы мәліметтер бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай мен Шығыс Қазақстанда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Соған қарамастан жолға шықан 100-ден астам көлік қар астында қалып қойған. Елдегі жағдайға байланысты бүгін  шұғыл брифинг өткізілді.

Ал елорда әуежайында барлық рейс белгісіз мерзімге кешіктірілуде. Оған ауа райының қолайсыздығы түрткі болды. Қазір желдің ұйытқуы секундына 20 метрден 24 метрге дейін жетуде. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше,  ішкі және халықаралық бағыттардың ұшуы қашан жалғасатыны әлі беймәлім.

Айта кетсек, астанада төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. Себебі, табиғаттың тосын мінезі тұрғындардың берекесін алып жатыр. Ақ түтек бораннан көлік түгілі жаяу жүріп-тұрудың өзі қиындап кетті. Ауа-райының қолайсызды қоғамдық көліктердің де қозғалысын тежеп жатыр. Бүгін елорда маңындағы 21 елдімекенге жолаушы тасымалдау мүмкін болмай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу