Елордада төтенше жағдай режимін бұзғандар жауапқа тартылды

872

Құқықбұзушылар оқиға орнында ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Елордада төтенше жағдай режимін бұзғандар жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының мәліметінше, төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап астаналық құқық қорғау органдарымен 85 адам жауапкершілікке тартылған.

Оның 24-і заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін (маска мен антисептиктерді саудалағаны үшін)  ӘҚ Кодексінің 463-бабы бойынша; 60 адам төтенше жағдай ережесін бұзғаны үшін ӘҚ Кодексінің 476-бабы бойынша; 1 адам ӘҚ Кодексінің 478-бабы бойынша (ТЖ кезінде құқықтық тәртіпті бұзған арандату әрекеті үшін) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.                                                        

Сонымен қатар, 23 наурызда төтенше жағдай режимін бұзып, Нұр-Сұлтан қаласының карантиндік аумағының шекарасын кесіп өтуге тырысқан екі азамат ұсталды.

Құқықбұзушылар оқиға орнында ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу