Елордада төтенше жағдай тәртібін бұзған 48 факті тіркелді

1182

Төтенше жағдай тәртібін бұзған барлық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Елордада төтенше жағдай тәртібін бұзған 48 факті тіркелді

Карантин жарияланған уақыттан бастап қалалық прокуратурасының мобильдік топтары елордада 10 мыңнан астам медициналық бетперделер мен 3 тоннада артық антисептикалық құралдар жоғары бағамен сатылғанын жайлы 38 заңсыз фактіні анықтады, деп хабарлайды Нұр- Сұлтан қаласының прокуратурасы.

Одан басқа, рейдтік іс-шаралармен төтенше жағдайдың бұзылуы, яғни жұмыс тәртібін сақтамау бойынша 48 фактіге тосқауыл қойылды. 

Заңсыз қызметпен айналысқан және төтенше жағдай тәртібін бұзған кәсіпкерлер мен тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардан алынған заттар сот жүзінде тәркіленіп, кейіннен бөліп таратылу үшін қала әкімшілігіне беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу