Сретч бойынша 60 айналымда ерлер арасында қызылордалық Аслхан Тұрар топ жарып, ел чемпионы атанды. Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Артем Захаров екінші орыннан көрінсе, қызылордалық Азен Ғабиден үздік үштікті түйіндеді.
Ал әйелдер 40 айналым бойынша сынға түсті. Әйелдер арасында аталған санат бойынша Павлодар облысының велошабандозы Рината Сұлтанова үздік болды. Қарағанды облысының спортшысы Эльвира Хамзина екінші, оның командаласы Алена Абрамчук үшінші орынға иелік етті.
Спринт бойынша Дмитрий Резанов көш бастады. Александр Сафаров пен Сергей Пономарев екінші және үшінші орындарды қанағат тұтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу