Елордада тұрғын алаптарының жол мәселесі шешілуде

866

Жөндеу жұмыстары санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде. 

Елордада тұрғын алаптарының жол мәселесі шешілуде

Нұр-Сұлтанда жол салу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Биыл елордада жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді. Оның 100 көшесі тұрғын алаптарында орналасқан, деп хабарлайды елорда әкімдегінің ресми сайты.  

Қазіргі уақытта 30 көшеде жұмыс жүріп жатыр. Атап айтқанда Сәтбаев, Конституция көшелері мен тұрғын алаптарда: Марқакөл көшесі, Қарасаз тұйық көшесі, Нұрлы, Орхон көшесі, Шырайлы тұйық көшесі, Қапал көшесі, М.Төлебаев көшесі, Қырыққыз көшесі, Маралсай тұйық көшесі, Желдірме тұйық көшесі, Қоғалы тұйық көшесі, Қамажай көшесі, Ақбидай көшесі, Кеңшалғын көшесі, Ақпан көшесі, Басықара батыр көшесі. Елорданың барлық тұрғын алаптарында жол жөндеу жұмыстары жүреді.

15 орталық көшедегі жөндеу жұмыстары аяқталды: Шұғыла көшесі, Бұқарбай батыр, көшесі, Асан Қайғы көшесі, Абай даңғылы, Жеңіс даңғылы, Тұран даңғылы, М. Мақатаев көшесінің жалғасы, Кенесары көшесі, Нұржол бульвары, Мәскеу көшесі, "Тұлпар" көпірінің астындағы айналма жол, Таха Хусейн көкшесі, С. Торайғыров көшесі, Нұрлыжол көшесі, Bi Village, Family Village апаратын жол. Жөндеу жұмыстары санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде.

Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 15 мың жұмыс орны, ал жол жөндеу жұмысары аясында 1,5 мың жаңа орын ашылады. Бірінші кезекте Жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу