Елордада тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру кезінде құтқарушылардың денесін күйік шалды

700

"Қаһарман" тұрғын үй кешенінің 11-қабатында өрт шықты. Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Елордада тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру кезінде құтқарушылардың денесін күйік шалды Фото: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сөндірушілер пәтерден бес адамды, оның ішінде бір баланы алып шықты. Сондай-ақ 10 адам эвакуацияланды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екі ересек адам мен бір бала ауруханаға жеткізілді. Олар көміртегі тотығынан уланған. ТЖД аулада тұрған көліктерге байланысты өрт сөндірушілерге үйге дейін жету қиынға соққанын атап өтті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт сөндірушілердің өздері де зардап шеккен. Олардың аяқ-қолдары мен бетін күйік шалған. Өрт сөндірушілер марапатқа ұсынылатынын атап өтті.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар бөлімінің 26 адамы мен 6 техникасы, апаттар медицинасы орталығының 3 дәрігері жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу