Елордада тұрғын үй сертификатының мөлшері көбейді

911

Қала әкімі "Шаңырақ" (5-10-20) пилоттық жобасы бойынша тұрғын үй сертификатын алушылар санатының көбейетінін айтты.

Елордада тұрғын үй сертификатының мөлшері көбейді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификатының мөлшері 1 миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге көбейгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Елордада тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге көбейді", - деді ол халыққа есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, қала әкімі "Шаңырақ" (5-10-20) пилоттық жобасы бойынша тұрғын үй сертификатын алушылар санатының көбейетінін айтты.

"Бұрын тізімге тек әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағылардың үшеуі ғана кірсе, енді оған барлық тоғыз санат та кіреді", - деді Алтай Көлгінов.

Ол Нұр-Сұлтанда тұрғын үй мәселесі өзекті екенін атап өтіп, оны шешу үшін тиісті жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

"Тұрғын үй сертификатына қоса, "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы (Қазақстандық ипотекалық компания)" АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан бағдарламаға да өзгеріс енгізілді. Мұнда әлеуметтік пәтер алушылар санатын кеңейттік. Бұл әлеуметтік пәтерлерді тек медицина қызметкерлері мен мұғалімдер ғана емес, өрт сөндірушілер, әлеуметтік мамандар, мәдениет және спорт қайраткерлері, полиция департаментінің қызметкерлерінің де алуға мүмкіндігі бар", - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна пәтер құнының 1 пайызын құрайды. 

"Бұл тұрғын үйді алдағы уақытта жекешелендіріп алуға болады", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу