Елордада тұрғын үйдің паркингінен шыққан өрт сөндірілді

356

Бүгін, 6 маусымда сағат 15-02-де өрт жойылды.  

Елордада тұрғын үйдің паркингінен шыққан өрт сөндірілді Фото: ҚР ТЖМ

6 маусымда 11-56-да Мұхамедханов көшесі бойындағы паркингте 3 қойма үй-жайы мен 6 жеңіл автокөлік жанды, жылу әсерінен тағы 4 автомобиль зақымдалды.

Құтқарушылардың күшімен, оның ішінде жоғарғы қабаттардан автосатының көмегімен 17 адам эвакуацияланды, оның 6-ы бала.

"Алдын ала болжам бойынша "улы газдан улану" диагнозымен ауруханаға 3 адам жеткізілді.

14-33-те өртті оқшауланып, 15.02-де толығымен жойылды", делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 70 өрт сөндіруші мен 18 техника жұмылдырылды

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада тұрғын үй автотұрағынан өрт шықанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу